Редакция: +7 (777) 242 5522
Присоединяйтесь:

Алматыда француздық Carrefour дүкендер желісі ашылды

Алматыда француздық Carrefour дүкендер желісі ашылды

Бүгін Grand Park Almaty сауда үйінде француздық Carrefour дүкендер желісі ашылды. Ол Еуропадағы ірі француздық дүкендер желісі.

Қазақстанда Carrefour-дың ондаған дүкенін ашу жоспарланған. Олардың алғашқысының ашылуында Францияның Бас консулы Патрик Ренар қатысты. Онда азық-түлік, тұрмыстық тауарлар, техника, спорт тауарларымен қатар 30 мыңға жуық өнім түрлері ұсынылды. "Өзге ірі супермаркеттерде 15-тен 19 мыңға жуық өнімдер болса, бұл жерде 30 мың өнім бар. Оның жартысы қазақстандық тауарлар. Сондай-ақ, бұл біздің азық-түлік өнеркәсібімен айналысатын компаниялар үшін Carrefour арқылы шетел нарығына шығуға мүмкіндік тудырады",- деді Алматы әкімнің орынбасары Ерлан Әукенов. Фото:kapital.kz

Похожие материалы