Алматы. 29 қаңтар. 7kun.kz — Алматы маңында апатқа ұшыраған Bek Air әуекомпаниясы ұшағының екінші ұшқышы қайтыс болды. Бұл ақпараттты қала әкімдігінің баспасөз қызметі растады.
Ұшқыш ұшақ апатқа ұшырағаннан кейін N4 қалалық клиникалық ауруханаға жіберілген.
Алматы қаласының қоғамдық денсаулық басқармасының мәліметінше, ол 21 қаңтарда ауруханадан емханаға амбулаторлық емделу үшін үйіне тұрақты жағдайда шығарылған. Ал емханада кардиолог, хирург, терапевт, психолог дәрігерлердің бақылауында болған.
"Жедел медициналық көмек қызметіне оның жағдайының күрт нашарлауы туралы шақыру келіп түсті. Жедел жәрдем уақытында келіп, жүрек қызметін қалпына келтіру бойынша барлық реанимациялық іс-шаралар көрсетілді, алайда олар сәтсіз болды», - деп хабарлады мекемеде.
Еске сала кетейік, 2019 жылғы 27 желтоқсанда Алматы-Нұр-Сұлтан бағытындағы Bek Air әуекомпаниясының ұшағы сағат 7:05-те ұшқаннан кейін радардан жоғалып кеткені хабарланды.
Кейіннен ұшақтың әуежайдан шыққаннан кейін биіктігін жоғалтып, бетон қоршауды сындырып, екі қабатты ғимаратпен соқтығысып, тұрғын үй секторы аумағында құлағаны белгілі болды.
Ақпаратқа сәйкес, бортта 95 жолаушы және 5 экипаж мүшесі болған. Апат салдарынан 12 адам қаза тапты, оның ішінде әуе кемесінің командирі де бар, 67 адам жарақат алды, оның 49-ы ауруханаға жатқызылды.
Похожие материалы
Олжас Бектенов провел заседание Совета директоров Kazakh Invest
- 11 желтоқсан, 2024