Алматы. 3 шілде. 7kun.kz – Алматыда коронавирус жұқтырғандар саны артып келеді. Сараптамалар індетке стелс-омикрон штаммының өршуі себеп болғанын көрсетті. Бұл туралы Алматы санитарлық-эпидемиологиялық бақылау департаменті хабарлады.
«23 маусымда зертханаға ПТР оң нәтижесі бар 74 сынама жеткізілді, 58 сынама стелс-мутация ықтималдығын көрсетті, ал қалған 16-да омикрон-мутация үлгісі тіркелді», - деп хабарлады ведомствода.
29 маусымдағы жағдай бойынша Денсаулық сақтау министрлігінде инфекция жұқтырған 497 жағдай тіркелді. Оның ішінде 275 науқас мүлде екпе алмаса, 112-сі екпе алған, бірақ 6 айдан кейін ревакцинация жасамаған.
«Бұл вакцинация мен ревакцинация алмағандардың «Стелс-омикрон» жұқтырғанын көрсетеді. Вакцинаны бір жылдан астам уақыт бұрын алғандар да ауру жұқтыруы мүмкін. «Стелс-омикрон» әлсіреген иммунитетті бұзып, ағзаға ену қабілетіне ие», – дейді мамандар.
Қалалық санитарлық-эпидемиологиялық бақылау департаменті вирустың таралу қарқыны бойынша Алматының «сары» аймаққа өтуі мүмкін екенін атап өтті.
Похожие материалы
Олжас Бектенов провел заседание Совета директоров Kazakh Invest
- 11 желтоқсан, 2024