Алматы. 24 қазан. 7kun.kz - Алматыдағы бөлшек сауда нарығының 50 пайызға жуығын Magnum Cash&Carry алады, деп мәлімдейді компания.
Алматыдағы ауданы 7 мың м² болатын бір сауда орталығынан бастап тоғыз жылда желі Қазақстанның бес қаласындағы 28 дүкенге дейін өскен.
Алматыдағы өркениетті сауданың бөлшек сауда нарығындағы оның — 50% жуық. Желі дүкендеріндегі сатып алушылардың күн сайынғы ағымы орта есеппен алғанда 61 мыңнан астамды құрайды. Қазақстандық қамту тауарларының үлесі — маусымға байланысты 42-47%.
Айта кетейік, бүгін ҚР Премьер-министрі Бақытжан Сағынтаев Алматыдағы жұмыс сапарында «Magnum Cash&Carry» ЖШС аралап, онда сауда желісінің қызметімен танысты. Премьер-министр шаруашылық және азық-түлік тауарларының, нан-тоқаш, кондитерлік өнімдер, жеміс-көкөніс және ет-сүт өнімдері секцияларын аралады.
«Magnum Cash&Carry» басшысы Александр Гарбер жергілікті өндірушілердің өнімдерін өткізуге және әлеуметтік маңызы бар тауарлардың бөлшек сауда бағаларын қалыптастыруға қатысты түсініктеме берді.
Дереккөзі: primeminister.kz
Похожие материалы
Олжас Бектенов провел заседание Совета директоров Kazakh Invest
- 11 желтоқсан, 2024