Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінде 30 наурыз- 1 сәуір аралығында дәстүрлі VII «Жас тілшілер» форумы және II «Жас репортер» шоу-кейс фестивалі, ІІ «Медиалэнд» интеллектуалды белсенділік күндері өтеді. Бұл туралы шараның үйлестірушісі профессор Гүлмира Сұлтанбаева хабарлады.
Шара барысында елімізге танымал журналистердің «Журналистика әліпбиі» циклі бойынша шеберлік-сыныптары өтеді. Сондай-ақ, еліміздің барлық аймақтарынан келген мектеп оқушылары «Қазақ радиосы», «Ұлан», «Дружные ребята» редакцияларында қонақта болады.
Мәдени бағдарлама аясында форум қатысушылары әл-Фараби атындағы ҚазҰУ кампусымен танысып, М.Әуезов драма театры және Н.Сац атындағы орыс Мемлекеттік Академиялық балалар мен жасөспірімдерге арналған театры қойылымдарын тамашалайды.
Республикалық мектеп оқушылары арасында өткен «Журналист болғың келе ме?», «Жас репортер», «әл-Фараби мұрасы», «Ұлы жеңіске тағзым» байқаулары қорытындысы бойынша ең үздік жұмыстардың таныстырылымы және жеңімпаздарды марапатталмақ.
Шара Республикалық «Қазақ радиосы» және «Ұлан», «Дружные ребята» газеттері ақпараттық демеушілігімен, әл-Фараби орталығы, әл-Фараби мұражайы, әл-Фараби ат. ҚазҰУ мұражайы, «Сұңқар» студенттік кәсіподақ комитеті қолдауымен өткізілмек.
7kun.kz сайтында «Медиа» айдары ашылғанын хабарлаймыз. Алдағы уақытта медиа саласына қатысты жаңалықтармен қатар, танымдық, сараптамалық материалдармен де таныса аласыздар.
Похожие материалы
Олжас Бектенов провел заседание Совета директоров Kazakh Invest
- 11 желтоқсан, 2024