Алматы. 25 шілде. 7kun.kz – Алматылықтарды 300 млн теңгеге алдап кеткен алаяқ әйел ұсталды, деп хабарлайы 7kun.kz.
Ол тендерге қатысуға және жеңіске жетуге көмектесемін деп және жақсы таныстары бар екендігін айтып, бірнеше адамды 300 миллион теңгеге алдап кетті.
Әуезов ауданының полицейлері алаяқтық жасаған 37 жастағы әйелді ұстады. Оған қатысты бес қылмыстық іс қозғалды.
«Күдікті қазір қамауға алынды. Сотқа дейінгі тергеу жалғасуда. Әйелдің басқа да эпизодтарға қатысы бар-жоғы анықталуда», – деді Әуезов аудандық ПБ бастығы Ұлан Әбілқайыр.
Айта кетейік, Қылмыстық кодекстің 190-бабы (Алаяқтық, ірі мөлшерде екі немесе одан да көп адамға қатысты әрекет) бойынша үш жылдан жеті жылға дейінгі мерзiмге бас бостандығын шектеу не сол мерзiмге бас бостандығынан айыру жазасы қарастырылған. Кінәлі адамның мүлкі тәркіленеді.
Похожие материалы
Олжас Бектенов провел заседание Совета директоров Kazakh Invest
- 11 желтоқсан, 2024