Авто
Алматылықтарға кеңес: баспана алу үшін мемлекеттік бағдарламаларды пайдаланыңыз
Еліміздегі ең үлкен мегаполиске келушілердің саны жыл санап артқан сайын қаладан баспана алуда қиын болып көрінеді. Алматылықтар үй мәселесін қалай шешсе болады?
- «Нұрлы жер» жəне «Алматы жастары» сынды көлемі үлкен бағдарламалардан бөлек жаңа жүйеге енген «7-20-25» бағдарламасы да зор мүмкіндік береді.
- Баспаналы болудың тағы бір жолы «Тұрғын үй құрылыс жинақ банкіне» салым салып, арнайы бағдарламаларға тіркелеу. Олардың қатарында «Алматы жастары» бағдарламасы, «Нұрлы жер», «Өз үйім» бағдарламаларына ерекше мән беріліп отыр.
Әр бағдарламаға қысқа түсініктеме бере кетсек.
«Алматы жастары» бағдарламасы бойынша жастары 35-ке жетпеген ерлі-зайыптылар өтініш жібере алады. Тағы бір талап отбасы мүшелерінің Алматы қаласында тұрғылық мекен-жайлары болуы тиіс.
«Нұрлы жер» бағдарламасының басты шарты - салымшы клиенттің үш жылдық тұрғылықты мекен-жайы болуы және оның атына соңғы бес жылда ешқандай жылжымайтын мүлік тіркелмеген болуы міндетті.
«Өз үйім» бағдарламасында керісінше клиенттің тұрғылықты мекен-болуы басты шарт емес. Және пайыздық мөлшерлеме бұрынғыдай 8,5% емес, 7% дейін төмендеген.
«7-20-25» бағдарламасы бойынша пәтер алу үшін баспана құнының 20 пайызын алдын ала құю керек. Ал қалған 80 пайызын 20 жылға ішінде 7 пайыздық мөлшерлемемен төлеп шығу қажет. Бұл бағдарламаның басты шарты келісім жасасқан сәтте атыңызда ешқандай баспананың тіркелмеуі.
Айта кетейік, биыл қабылданған «7-20-25» бағдарламасы бойынша 2018 жылдың 9 тамызына дейін Алматы қаласында 6,6 млрд теңге болатын 522 өтінім қабылданып, олардың 312-сі мақұланған. Бағдарлама бойынша берілген несиенің 44 пайызын алматылықтар алып отыр.
Бағдарламалардың толық талаптарын гиперсілтеме арқылы өтіп біле аласыздар.