Алматы. 27 желтоқсан. 7kun.kz - Алматыда көшені жарықтандыруды жаңа жолмен іске асырады. 70 мыңнан астам натрийді лампаларды жарықдиодты лампаларға ауыстырады. Жоба ЕҚДБ және "жасыл экономиканың" Арнайы қоры арқылы жүзеге асырылады. Бұл туралы Алматы әкімдігінің баспасөз қызметінен хабарлады.
2015 жылдың желтоқсанында "Алатау Жарық Компаниясы" АҚ ЕҚДБ-мен жарықдиодты лампаларды жеткізу, жобалау және орнатуға байланысты байқау өткізуге келіскен еді. Келісім-шартта жаңа жарықтандыруды пайдалану 5 жылға кепілдік беретіндігі жазылған. Жобаны толығымен іске асыру 2016 жылдың бірінші жартысында басталып, 2017 жылы аяқталады деп жоспарлануда.
Жарықдиодты пайдаланатын жарық көздері ұзаққа жарайды және тиімділігі өте жоғары. Олар көп шығындарды талап етпейді және электр энергиясын 50%-ға дейін үнемдейді.
Фото:dreempics.com
Похожие материалы
Новости
Экономика
Олжас Бектенов провел заседание Совета директоров Kazakh Invest
- 11 желтоқсан, 2024