Алматы қаласында сәулетші Ян Гейлдің қаланы абаттандыру мен көгалдандыруға байланысты ауқымды жобасының жұмыстары басталып кетті. Қала құрылысшыларының жоспарында қыркүйекке қарай сегіз ауданның әрқайсынан бір көше аумағын көліктен босату тұр.
Бұл жөнінде AlmatyNews тілшісі Қалалық табиғи ресурстар және табиғатты қолдануды реттеу басқармасы абаттандыру бөлімінің маманы Айнұр Сарбаеваға сілтеме бере отырып хабарлайды. «Қала біртіндеп автокөліктерге арналған мекенге айналып барады. Велосипед немесе жаяу жүргіншілер жолына орын аз берілген. Бізде әзірге Арбат қана осы талапқа сай. Яғни, машиналар үшін жабылып, жаяу жүргіншіге арналған. Тұрғындарға ыңғайлы жерлерді көбейту үшін әкім шетелдік сәулетші Ян Гейлдің жобасын қолдануды тапсырды. Жергілікті әкімдіктер өз аудандарындағы осы жобаға сәйкес келетін жерлерді белгілеп қойды», — дейді Сарбаева. Мына жерлерде автокөліктер қозғалысына тыйым салынатын болады: Алатау ауданы: Бауыржан Момышұлы көшесінің бойымен Райымбек даңғылынан батыс жақтағы Мұз аренасына дейін; Алматы ауданы: Бәйсейітова көшесінің бойымен Қабанбай батыр көшесінен Бөгенбай батыр көшесіне дейін; Әуезов ауданы: Бауыржан Момышұлы көшесінің бойымен Райымбек даңғылынан Шаляпин көшесіне дейін; Бостандық ауданы: Тимирязев көшесінің оңтүстік жағымен Есентай өзенінен Жароков көшесіне дейін; Жетісу ауданы: Мұқатай көшесінің бойымен №137 орта мектептен "Айнабұлақ" базарына дейін; Медеу ауданы: Жолдасбеков көшесінің солтүстік жағынан Достық даңғылынан бастап Фурманов көшесіне дейін; Наурызбай ауданы: Шаляпин көшесінің бойымен Яссауи көшесінен бастап Әуезов көшесіне дейін және Әуезов көшесінің бойымен Шаляпин көшесінен бастап Жайлы ықшам-ауданына дейін; Түрксіб ауданы: Қонаев атындағы Үлкен Алматы каналының бойымен Жансүгіров көшесінен Жұлдыз ықшам ауданындағы Сейфуллин даңғылына дейін; Әрбір жаяу жүргінші жолының аумағында абаттандыру мен көгалдандыру жұмыстары жүргізілетін болады. Орындықтар, қоқыс жәшіктері, балалар және спорт алаңдары, ең бастысы барлық машинадан босатылған аумақта велосипед жолы мен велосипед тұрақтары салынады. «Велосипед жолының негізгі қабаты резеңке болады. Ол құлаған жағдайда велосипедшілер ауыр жарақат алмауы үшін жасалмақ. Және де міндетті түрде велотұрақ жасалады», — дейді Сарбаева. Жергілікті бюджеттен қаржыландырылатын жобаның жалпы құны 800 миллион теңге.Похожие материалы
Новости
Экономика
Олжас Бектенов провел заседание Совета директоров Kazakh Invest
- 11 желтоқсан, 2024