Алматы. 2 наурыз. 7kun.kz — Индиана штатындағы Purdue университетінің америкалық ғалымдары Илон Масктың ғарышқа ұшырылған Tesla Rodster автокөлігі Марстың биологиялық өмірін бұзуы мүмкін екенін ескертті. Бұл туралы rb.ru сайты хабарлады.
Жер, атмосфера және планеталық ғылымдардың профессоры Джей Мелош автокөлік арнайы санитарлық өңдеуден өтпегендіктен, ондағы жер бактериялары вакуумда өлмей, тек қана ұйықтап қалатындығын ескере отырып, машина қызыл ғаламшарға жер бактерияларын алып баруы мүмкін екендігін айтты.
"Егер Марста биологиялық өмір бар болса, онда Жердегі организмдермен араласу қаупі бар. Жердегі өкілдер адаптацияға бейімделуге қабілетті ме? Марсқа жеткенмен, онда қандай биосфераның бар екенін білмейміз ғой",- деді Мелош.
Сондай-ақ, профессор машинаның сыртын санитарлық өндеуден өткізгенмен, оның қозғалтқышы бәрібір де лас болатынын атап өтті.
Оның болжауынша, жер бактериялары экстремалдық температура, төмен қысым және ғарыш сәулелеріне қарамастан, өлмей, тек ұйқы күйінде өтеді және белгілі бір жағдайларда Марста оянуы мүмкін екендігін айтады.
Сонымен қатар, Мелош Тесланың Марсқа қону ықтималдығы төмен екенін атап көрсетті.
Сайттың жазуынша, автокөлік Жер мен Марс арасындағы орбитада орналасқан. Көлік Марсқа емес, түптің-түбінде Жерге оралады. Бірақ бұл миллион жылдан кейін іске асады.
Қания Табыс
Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!Похожие материалы
Олжас Бектенов провел заседание Совета директоров Kazakh Invest
- 11 желтоқсан, 2024