Американдық Yahoo интернет-компаниясы Қытай құрлығындағы соңғы кеңсесін жабады. Пекиндегі зерттеу орталығы да жұмысын тоқтатпақ деп хабарлайды ВВС.
Интернет-алпауыт басқа да фирмалар тәрізді Қытайдағы жергілікті компаниялар тарапынан қатаң бәсекелестікке тап болды. Кеңсенің жабылуына байланысты 200-300 адам жұмыссыз қалады. Осыған дейін 2013 жылы Yahoo қытайлық тұтынушыларға электронды пошта қызметін ұсынуды тоқтатып, аккаунттарын Alibaba Holding компаниясына тиесілі Alimail пошта қызметтеріне ауыстыруды ұсынған еді.
Yahoo қытай нарығындағы әрекетін тоқтататындығы жөнінде хабарлаған шетелдік компанияларды тізімін толтырды. Бұған дейін Microsoft Қытайдағы 9 зауытының екеуін жабатын жоспары жөнінде хабарлаған еді. Ал Google қытайлық билігімен цензура туралы келіспеушілікке байланысты 2010 жылы жергілікті нарықтан кетті.
China Market Research компаниясының сарапшысы Шон Рейннің хабарлауынша, Қытайдағы онлайн-саланың дамуы шетелдік компаниялардың жұмысына кедергісін тигізіп жатыр.