Экономика
Анатолий Шкарупа ҚР Энергетика вице-министрі болып тағайындалды
Алматы. 9 қазан. 7kun.kz - Анатолий Шкарупа 1975 жылы Алматы облысында дүниеге келген. 1998 жылы Алматы энергетика және байланыс институтын "отын-энергетика кешені саласындағы экономика және менеджмент, инженер-экономист" мамандығы бойынша, 2016 жылы ҚазГЗУ университетін "Құқық"мамандығы бойынша бітірген.
Еңбек жолын 1998 жылы "KEGOC" ААҚ-да жетекші маман болып бастаған, онда 2005 жылға дейін бөлім бастығы, жоспарлау және экономикалық талдау департаменті директорының орынбасары қызметтерін атқарды.
2005-2013 жылдары ҚР Табиғи монополияларды реттеу агенттігінің құрылымында жұмыс істеді. Электр және Жылу энергетикасы саласындағы реттеу департаментінің директоры, Агенттік төрағасының орынбасары қызметтерін атқарды.
2013-2014 жылдары - "ТКШ жаңғырту мен дамытудың қазақстандық орталығы"АҚ Басқарма төрағасы.
2015-2017 жылдары Қарағанды облысы Саран қаласының әкімі.
2017 жылдың мамыр айынан осы уақытқа дейін Қарағанды облысы әкімінің орынбасары қызметін атқарды.