Редакция: +7 (777) 242 5522
Присоединяйтесь:

Android жүйесіндегі ақау 1 млрд құрылғыға қауіп төндіруде

Android жүйесіндегі ақау 1 млрд құрылғыға қауіп төндіруде

ESET антивирустық компаниясы мамандары Android операциялық жүйесінен ақау тапты. Құрылғы зақымданған соң қаскүнемдер қолданушылардың әңгімелерін жазып, хаттарын оқып, камераларды және гаджеттің басқа функцияларын іске қоса алады деп жазады The Guardian.

Zimperium компаниясының қызметкері шілде айында Stagefright ақауын тапқан. Ол қолданушылардың андроид құрылғыларын бұзып, жадында сақталып тұрған барлық мәліметтерге рұқсат алады. Ол үшін зиянды коды бар ММS жіберу қажет.
Ал жақында сарапшылар қауіпсіздік бойынша Stagefright 2.0 ақауының жаңа нұсқасын тапқан. Енді қаскүнемдер қолданушылардың жүктейтін аудио не видеоларына жұқпалы файл қосады. Сол арқылы смартфонды зақымдайды.

Похожие материалы