6-8 мамырда Астана қаласындағы «Көрме» орталығында «Бәйтерек» Холдингі мен «Даму» Қоры «Қазақстанда жасалған» атты II Республикалық көрме өткізеді. Бұл туралы «Даму» қорының баспасөз қызметі хабарлады.
Көрмеге Қазақстанның барлық өңірлерінен 300-ден астам компаниялар қатысып, 5000-нан астам тауар қойылады.
Ашылу салтанатына ҚР Премьер-министрінің бірінші орынбасары Б.Сағынтаев, «Бәйтерек» Ұлттық басқару холдингі АҚ Басқарма төрағасы Қ.Бишімбаев, «Даму» Кәсіпкерлікті дамыту Қоры» АҚ Басқарма төрағасы Қ.Төлеушин қатысады.
Көрме барысында кәсіпкерлерді елдің әлеуметтік-экономикалық дамуына атсалысқандары үшін марапаттау рәсімі өтіп, «Даму» Кәсіпкерлікті дамыту Қоры» АҚ мен Қазақстанның мемлекеттік-жекеменшік әріптестік орталығы арасында Меморандумға қол қойылады.
6 мамыр - Жекелеп сатуға арнап өнім шығарушылар мен сауда желілері өкілдерінің қатысуымен «Қазақстандық өнімді қалай сату керек?» атты дөңгелек үстел өтеді.
7 мамыр – Қазақстандық және халықаралық белді бизнес-тренерлердің шеберлік сабақтары
8 мамыр - «Халық Таңдауы» байқауы. Көрмеге қатысушылардың көп таралған бірнеше тағамдары таңдалып, келушілер дәмін татып көреді. Дауыс беру нәтижесінде әр аталым бойынша «Халық таңдауы» байқауының үздік тауар өндірушісі анықталады.
Похожие материалы
Олжас Бектенов провел заседание Совета директоров Kazakh Invest
- 11 желтоқсан, 2024