Редакция: +7 (777) 242 5522
Присоединяйтесь:

Аңдатпа: «Қазақстанда жасалған» атты II Республикалық көрме өтеді

Аңдатпа: «Қазақстанда жасалған» атты II Республикалық көрме өтеді

6-8 мамырда Астана қаласындағы «Көрме» орталығында «Бәйтерек» Холдингі мен «Даму» Қоры «Қазақстанда жасалған» атты II Республикалық көрме өткізеді. Бұл туралы «Даму» қорының баспасөз қызметі хабарлады.

Көрмеге Қазақстанның барлық өңірлерінен 300-ден астам компаниялар қатысып, 5000-нан астам тауар қойылады.

Ашылу салтанатына ҚР Премьер-министрінің бірінші орынбасары Б.Сағынтаев, «Бәйтерек» Ұлттық басқару холдингі АҚ Басқарма төрағасы Қ.Бишімбаев, «Даму» Кәсіпкерлікті дамыту Қоры» АҚ Басқарма төрағасы Қ.Төлеушин қатысады.

Көрме барысында кәсіпкерлерді елдің әлеуметтік-экономикалық дамуына атсалысқандары үшін марапаттау рәсімі өтіп, «Даму» Кәсіпкерлікті дамыту Қоры» АҚ мен Қазақстанның мемлекеттік-жекеменшік әріптестік орталығы арасында Меморандумға қол қойылады.

6 мамыр - Жекелеп сатуға арнап өнім шығарушылар мен сауда желілері өкілдерінің қатысуымен «Қазақстандық өнімді қалай сату керек?» атты дөңгелек үстел өтеді.

7 мамыр – Қазақстандық және халықаралық белді бизнес-тренерлердің шеберлік сабақтары

8 мамыр - «Халық Таңдауы» байқауы. Көрмеге қатысушылардың көп таралған бірнеше тағамдары таңдалып, келушілер дәмін татып көреді. Дауыс беру нәтижесінде әр аталым бойынша «Халық таңдауы» байқауының үздік тауар өндірушісі анықталады.

Похожие материалы