Нұр-Сұлтан. 15 тамыз. 7kun.kz – ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы агенттік кәсіпкер Қуат Сұлтанбековтың арызы бойынша сотқа дейінгі тергеу жүргізуде, деп хабарлайды 7kun.kz.
Антикордың баспасөз қызметі Мәжілістің бұрынғы төрағасы Нұрлан Нығматулин мен бауыры Ерлан Нығматулиннің тергеуге алынғанын растады.
Бұған дейін отандық БАҚ-та Нұрлан Нығматулин мен Ерлан Нығматулиннің тергеліп жатқаны туралы ақапарат тараған еді.
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің баспасөз қызметі ҚазАқпарат тілшісіне аталған ақпараттың растығын мәлім еті. Алайда олардың қай күні тергеуге алынғаны, қандай мәселе бойынша тергеу орбитасына тартылғаны хабарланбады.
Өзге ақпарат жоқ, тергеу мүддесіне орай жариялауға жатпайды.