Алматы. 28 маусым. 7kun.kz — Apple компаниясының бас дизайнері Джонатан Айв отставкаға кетеді. Бұл туралы компания хабарламасында айтылған.
Мәлімдемеге сәйкес, Айв негізгі клиенттерінің бірі Apple болатын жеке дизайн компаниясын құрады.
"Ол Apple-мен тығыз қарым-қатынас жасап, оның бірқатар жобалары бойынша жұмыс істеуді жалғастырады", - делінген хабарламада.
Айв құратын компания LoveFrom деп аталады. Бұл туралы ол Financial Times (FT) газетіне хабарлады. Компания 2020 жылы іске қосылады.
"Мен (Apple-дің) қызметкері болмасам да, оған жақын боламын (оның жұмысына) — ұзақ жылдар бойы осылай болатынына үміттенемін", — деді Айв басылымға берген сұхбатында.
FT басылымының жазуынша, Айвтың Apple-ден кетуі инвесторлар мен тұтынушылар үшін соққы болады. Айв - әлемдегі ең танымал өнеркәсіптік дизайнер және Apple эстетикасының сақтаушысы, делінген FT мақаласында.
Айта кетейік, Джонатан Айв 1992 жылы Apple-қа қосылып, 1996 жылдан бастап дизайнерлер тобын басқарды. Ол Стив Джобстың сенімді өкілі ретінде iMac және iPhone-ның негізгі өнімдерін дамытуға қатысты. Бас дизайнер қызметін Айв 2015 жылы алды.
Бұл ретте Apple компаниясының келесі бас дизайнері кім болатыны әлі белгісіз екенін атап өту керек.
Похожие материалы
Олжас Бектенов провел заседание Совета директоров Kazakh Invest
- 11 желтоқсан, 2024