Редакция: +7 (777) 242 5522
Присоединяйтесь:

Apple-дің бас дизайнері компаниядан кетті

Apple-дің бас дизайнері  компаниядан кетті

Алматы. 28 маусым. 7kun.kz — Apple компаниясының бас дизайнері Джонатан Айв отставкаға кетеді. Бұл туралы компания хабарламасында айтылған.

Мәлімдемеге сәйкес, Айв негізгі клиенттерінің бірі Apple болатын жеке дизайн компаниясын құрады.

"Ол Apple-мен тығыз қарым-қатынас жасап, оның бірқатар жобалары бойынша жұмыс істеуді жалғастырады", - делінген хабарламада.

Айв құратын компания LoveFrom деп аталады. Бұл туралы ол Financial Times (FT) газетіне хабарлады. Компания 2020 жылы іске қосылады.

"Мен (Apple-дің) қызметкері болмасам да, оған жақын боламын (оның жұмысына) — ұзақ жылдар бойы осылай болатынына үміттенемін", — деді Айв басылымға берген сұхбатында.

FT басылымының жазуынша, Айвтың Apple-ден кетуі инвесторлар мен тұтынушылар үшін соққы болады. Айв - әлемдегі ең танымал өнеркәсіптік дизайнер және Apple эстетикасының сақтаушысы, делінген FT мақаласында.

Айта кетейік, Джонатан Айв 1992 жылы Apple-қа қосылып, 1996 жылдан бастап дизайнерлер тобын басқарды. Ол Стив Джобстың сенімді өкілі ретінде iMac және iPhone-ның негізгі өнімдерін дамытуға қатысты. Бас дизайнер қызметін Айв 2015 жылы алды.

Бұл ретте Apple компаниясының келесі бас дизайнері кім болатыны әлі белгісіз екенін атап өту керек.

Похожие материалы