Алматы. 10 маусым. 7kun.kz – Әр апта сайын еліміздің қаржы саласында маңызды жаңалықтар орын алады. 7kun.kz тілшілері сіздер үшін аптаның ең өзекті қаржы жаңалықтарын сараптап, назарларыңызға ұсынады. 6 маусым – 10 маусым аралығында мынандай маңызды оқиғалар болды.
Дүйсенбі, 6 сәуірді доллар курсы 334,79 деген көрсеткішпен бастады. Ақша айырбастау орындарында 6 маусымдағы доллардың максимал курсы 337,1 теңгеге жетті.Апта басында болған үкімет отырысында Ұлттық банк базалық мөлшерлемені 15% деңгейінде сақтау туралы шешім қабылдады. Дегенмен банк төрағасы Данияр Ақышев базалық мөлшерлеменің әлі де төмендеуі мүмкін екендігі туралы мәлімдеді. Еліміздің басты қаржы институтының келесі отырысы 2016 жылдың 11 шілдесінде өтеді.
Ал ұлттық экономика министрі Қуандық Бешімбаев ведомство “Нұрлы жол” бағдарламасын жүзеге асыру үшін бөлінетін Ұлттық бюджет қаржысын игеріп үлгермейді деген мәлімдеме жасады. Оның сөзінше, несиелі және жалдамалы үй салу үшін бөлінетін 113 млрд теңгенің тек 88 млрд теңгесі пайдаланылады. Премьер-министр Кәрім Мәсімов ведомствоға Ұлттық қордың игерілмеген қаржыларын қайта бөлу туралы ұсыныс дайындауды тапсырды.
Сейсенбі, 7 сәуірде ұлттық валюта нығаюын жалғастырды. Америкалық валютаның орташа бағамы 333,78 теңге болды. Ақша айырбастау орындарында 7 маусымдағы доллардың максимал курсы — 335,5 теңге.
Есеп комитеті 479,6 млрд теңге тиімсіз қолданылғаны туралы мәлімдеме жасады. Комитеттің атап өтуінше, салық түсімдерін қадағалайтын әкімшілік бақылау әлсіз болғандықтан бюджетке салық дұрыс түспейді. 1 трлн теңгеге жуық ақша салықтан жалтыру үшін жасалған әр түрлі амалдардың көлеңкесінде қалып жатыр.
Сәрсенбі, 8 сәуірде CNBC порталы A. T. Керни консалтингтік фирмасына сілтеме жасап Қазақстан ритейл нарығының дамуы рейтингісінде алғашқы бестікке кірді деп хабарлады. Бөлшек сауданың (ретейл) дамуы жөніндегі Кирни зерттеу институтының халықаралық индексінде Қазақстан жалпы 100 ұпайдан 56,5 иеленіп, Малайзиядан кейінгі төртінші орынға жайғасқан. Апта ортасында Дүниежүзілік банк Әлемдік ЖІӨ өсуі бәсеңдейді деген мәлімдеме жасады. Ұйымның болжамынша, 2016 жылы әлемдік экономика 2015 жылдағыдай 2,4%-ға өседі. "Дамыған елдер экономикасы біраз тежеліп, қаржы жағдайының тым қиын болып, шикізат бағасы өзгеріссіз төмен бағада болуы дамушы елдердің өсуіне айтарлықтай кедергі келтіріп отыр. Импортерлер экономиканың қиындықтарына төтеп бере алғанымен, мұнай мен өзге де маңызды шикізат тасымдалдаушыларының жағдайы қиын", -делінген банк есебінде. Бейсенбі, 9 сәуірде Ұлттық қордан жалға берілетін тұрғын үй құрылысына 115 млрд теңге бөлінді. ҚР ұлттық экономика вице-министрі Роман Склярдың мәлімдеуінше, «Қолжетімді баспана – 2020» бағдарламасы бойынша тұрғын үй құрылысына 29 млрд теңге бағытталған. Оның айтуынша, осы арқылы жергілікті атқарушы органдардың кезекте тұрған 13 мың 700 азаматы арендалық баспанамен қамтамасыз етілетін болады. Мәжіліс депутаттарының отырыс кезінде 2015 жылы қазынаның игерілуіне қатысты мәліметтер жарияланды. Бюджетті бағдарламалардың 26 әкімшілерінің 13-і бюджетті толықтай 100%-ға орындамаған. “Республикалық бюджеттің орындалуына сараптама жасалғаннан кейін бюджетті бағдарлама әкімшілері тарапынан қаржыны игеру сапасын арттыру қажет екендігін көрсетті”, -делінген есепте.Толығырақ мына жердегі инфографикадан білуге болады. Жұма, 10 сәуірде Finprom.kz сараптамалық қызметі ҚР Ұлттық қорына түсетін салық көлемі 2007 жылдан бергі төменгі көрсеткішке жетті деген сараптама жариялады. Осы жылдың алғашқы төрт айында салық пен өзге төлемдер өткен жылмен салыстырғанда 1,7 есе азайған.Қаражат түсімдерінің бұлай кемуі сыртқы жағдайлардың әсерінен мұнай-газ саласының қиын қаржылық жағдайға тап болуы мен мұнайдың өндірілу және экспортталу көлемінің азаюына байланысты болып отыр.