Ақмола облысы құрылыс басқармасы басшысының орынбасары 8 жылға сотталды – Антикор
Астана. 13 қаңтар. 7kun.kz – Көкшетау қалалық соты үш бірдей құрылыс саласының басшысына үкім шығарды. Бұл туралы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің баспасөз қызметі хабарлады.
Ақмола облысы құрылыс басқармасы басшысының орынбасары М. Қансейітов 8 жылға бас бостандығынан айырылып, мемлекеттік қызметтен өмір бойына шеттетілді. Ал «Сарапшы Арсенал» ЖШС құрылтайшысы Б. Шаймерденов пен «Көкшестрой Технадзор» ЖШС техникалық қадағалау инженері О. Ренн 7,5 және 7 жылға бас бостандығынан айырылды. Енді олар 5 жыл бойы мемлекеттік қызмет атқара алмайды.
«Тергеу барысында сотталғандардың Щучинск қаласында жүз пәтерлік тұрғын үй салуға бөлінген 50,5 миллион теңге көлемінде құрылыс монтаждау жұмыстары нақты орындалмағаны үшін бюджет қаражатын ұрлағаны дәлелденді», – делінген хабарламада.
Үкім заңды күшіне енген жоқ.
Похожие материалы
На сколько будут увеличены пенсии и пособия в Казахстане в 2025 году
- 30 желтоқсан, 2024
Более 13 тыс. казахстанцам назначена специальная социальная выплата
- 26 желтоқсан, 2024
На сколько будут увеличены пенсии и пособия в Казахстане в 2025 году
- 30 желтоқсан, 2024