Редакция: +7 (777) 242 5522
Присоединяйтесь:

Ақпарат және қоғамдық даму министрлігіне баспасөз хатшы тағайындалды

Ақпарат және қоғамдық даму министрлігіне баспасөз хатшы тағайындалды

Нұр-Сұлтан. 2 маусым. 7kun.kz – Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің баспасөз хатшысы болып Нұрбек Шынтемірұлы Әмиша тағайындалды.

Нұрбек Әмиша - «Болашақ» бағдарламасының түлегі. 2017-2018 жж Ұлыбританияның Лидс университетінде магистратурада оқып, «саяси қатынастар магистрі» атағын алды. 

Нұрбек Шынтемірұлы «Халық» газеті, Қызылорда облыстық «Сыр бойы», республикалық «Айқын» газеттерінде тілші, «Қазақстан-Қызылорда» және «Хабар» арналарында бас редактор болған. «Bilim Media Group» компаниясы және «Ұлттық аударма бюросында» әдеби редактор қызметтерін атқарды. «Болашақ» «Халықаралық бағдарламалар орталығы» АҚ баспасөз хатшылығында басшылық етіп, «Сан-Ай пресс» ЖШС-да бас директордың орынбасары болған.

Похожие материалы