АҚШ. 7 қараша. 7kun.kz – Қазақстандық боксшы Айдос Ербосынұлы (16-1, 11 КО) кубалық Дэвид Моррельмен (7- 0,6 КО) жекпе-жек өткізіп, ауыр нокаутқа түскеннен кейін комада жатыр, деп хабарлайды 7kun.kz.
«Ербосынұлы комада жатыр», – деді бокс ардагері Дэн Рафаэль.
Супер орта салмақтағы WBA тұжырымдамасы бойынша әлем чемпионы атағы сарапқа салынған жекпе-жек 5 қараша күні Minneapolis Armory-да өтті. Жекпе-жек 12 раундқа созылып, соңғы 30 секундта аяқталды. Бұрын жеңіліп көрмеген қазақстандық кубалықтың оң қолымен жасаған соққысын өткізіп алып, нокаутқа түсті.
Аренадан боксшыны зембілмен алып кетті. Ауруханада оның миына қан құйылып кеткені анықталды. Боксшы комаға түсті, жағдайы ауыр.
Тэги:
Похожие материалы
Новости
Экономика
На сколько будут увеличены пенсии и пособия в Казахстане в 2025 году
- 30 желтоқсан, 2024
Новости
Экономика
Более 13 тыс. казахстанцам назначена специальная социальная выплата
- 26 желтоқсан, 2024
Новости
Экономика
На сколько будут увеличены пенсии и пособия в Казахстане в 2025 году
- 30 желтоқсан, 2024