Алматы. 2 сәуір. 7kun.kz - Ағымдағы жылғы 25 мамырда қазақстандықтар жария ету мақсаттарына арналған шоттарға 859,1 млрд. теңгеден астам соманы енгізді, - деп хабарлады ҚР Ұлттық Банкінің баспасөз қызметі. Салыстырмалы түрде ағымдағы жылғы 1 мамырда қаржы реттеушісінің деректері бойынша банк шоттарына 594, 9 млрд. теңге салынды.
Ұлттық Банкте хабарлағандай, 2014 жылғы 1 қыркүйектен бастап 2016 жылғы 25 мамыр аралығындағы жария ету науқанының барлық кезеңі ішінде банктер 1209 банк шоттарын ашты. Салынған ақша мен ашылған шоттардың саны бойынша бұрынғысынша Алматы қ., Астана қ., Атырау, Қарағанды, Оңтүстік Қазақстан және Атырау облыстары көшбасшы болып келеді. Ұлттық Банк нақтылағандай, жария ету науқаны қарқындарының жеделдетілуі жария ету рәсімдерінің жеңілдетілуіне, атап айтқанда, бес жыл ішінде ақшаны сақтау және алымның 10%-ын төлеу бойынша талаптардың жойылуына, сондай-ақ азаматтар үшін конфиденциалдылық пен қауіпсіздіктің қосымша кепілдіктерінің енгізілуіне байланысты. Сонымен қоса, Қазақстанның Ұлттық Банкі ақшаны жария ету науқанын кеңінен тарату бойынша БАҚ-та және интернетте белсенді түсіндіру жұмысын жүргізуде. Науқанға 31 банк пен Ұлттық почта операторы қатысатынын атап өтеміз. Аталған науқан туралы толық ақпарат ҚР Ұлттық Банкінің ресми порталындағы «Мүлікті жария ету» бөлімінде орналастырылған.Ақшаны жария ету туралы есеп (25.05.2016 ж.)
Қала, облыс атауы | Есепті кезеңдегі операциялар | өткен аймен салыстырғанда(%) | |
шоттар, бірліктер ашылды | шотқа салынды (мың теңге) | ||
Астана қ. | 131 | 60 989 199 | 19% |
Алматы қ. | 679 | 744 686 708 | 47% |
Ақмола облысы | 14 | 431 162 | 51% |
Алматы облысы | 4 | 129 642 | 21% |
Ақтөбе облысы | 49 | 8 686 940 | 138% |
Атырау облысы | 13 | 8 576 514 | 0% |
Шығыс Қазақстан облысы | 6 | 537 542 | 29% |
Батыс Қазақстан облысы | 15 | 641 099 | 9% |
Жамбыл облысы | 16 | 1 951 627 | 148% |
Қостанай облысы | 22 | 1 887 658 | 331% |
Қарағанды облысы | 97 | 14 533 859 | 31% |
Қызылордаоблысы | 3 | 31 546 | 110% |
Маңғыстау облысы | 3 | 1 679 376 | 24% |
Павлодар облысы | 15 | 912 191 | 0% |
Солтүстік Қазақстан облысы | 12 | 3 290 190 | 52% |
Оңтүстік Қазақстан облысы | 130 | 10 148 745 | 26% |
Жиынтығы: | 1209 | 859 113 996 | 44% |
Похожие материалы
Новости
Экономика
Олжас Бектенов провел заседание Совета директоров Kazakh Invest
- 11 желтоқсан, 2024