Редакция: +7 (777) 242 5522
Присоединяйтесь:

Ақшаны жария ету науқаны бойынша Алматы және Астана қалалары көш бастап тұр

Ақшаны жария ету науқаны бойынша Алматы және Астана қалалары көш бастап тұр

Алматы. 2 сәуір. 7kun.kz - Ағымдағы жылғы 25 мамырда қазақстандықтар жария ету мақсаттарына арналған шоттарға 859,1 млрд. теңгеден астам соманы енгізді, - деп хабарлады ҚР Ұлттық Банкінің баспасөз қызметі. Салыстырмалы түрде ағымдағы жылғы 1 мамырда қаржы реттеушісінің деректері бойынша банк шоттарына 594, 9 млрд. теңге салынды.

Ұлттық Банкте хабарлағандай, 2014 жылғы 1 қыркүйектен бастап 2016 жылғы 25 мамыр аралығындағы жария ету науқанының барлық кезеңі ішінде банктер 1209 банк шоттарын ашты. Салынған ақша мен ашылған шоттардың саны бойынша бұрынғысынша Алматы қ., Астана қ., Атырау, Қарағанды, Оңтүстік Қазақстан және Атырау облыстары көшбасшы болып келеді. Ұлттық Банк нақтылағандай, жария ету науқаны қарқындарының жеделдетілуі жария ету рәсімдерінің жеңілдетілуіне, атап айтқанда, бес жыл ішінде ақшаны сақтау және алымның 10%-ын төлеу бойынша талаптардың жойылуына, сондай-ақ азаматтар үшін конфиденциалдылық пен қауіпсіздіктің қосымша кепілдіктерінің енгізілуіне байланысты. Сонымен қоса, Қазақстанның Ұлттық Банкі ақшаны жария ету науқанын кеңінен тарату бойынша БАҚ-та және интернетте белсенді түсіндіру жұмысын жүргізуде. Науқанға 31 банк пен Ұлттық почта операторы қатысатынын атап өтеміз. Аталған науқан туралы толық ақпарат ҚР Ұлттық Банкінің ресми порталындағы «Мүлікті жария ету» бөлімінде орналастырылған.

Ақшаны жария ету туралы есеп (25.05.2016 ж.)

Қала, облыс атауы Есепті кезеңдегі операциялар өткен аймен салыстырғанда(%)
шоттар, бірліктер ашылды шотқа салынды (мың теңге)
Астана қ. 131 60 989 199 19%
Алматы қ. 679 744 686 708 47%
Ақмола облысы 14 431 162 51%
Алматы облысы 4 129 642 21%
Ақтөбе облысы 49 8 686 940 138%
Атырау облысы 13 8 576 514 0%
Шығыс Қазақстан облысы 6 537 542 29%
Батыс Қазақстан облысы 15 641 099 9%
Жамбыл облысы 16 1 951 627 148%
Қостанай облысы 22 1 887 658 331%
Қарағанды облысы 97 14 533 859 31%
Қызылордаоблысы 3 31 546 110%
Маңғыстау облысы 3 1 679 376 24%
Павлодар облысы 15 912 191 0%
Солтүстік Қазақстан облысы 12 3 290 190 52%
Оңтүстік Қазақстан облысы 130 10 148 745 26%
Жиынтығы: 1209 859 113 996 44%

Похожие материалы