Ақтау. 9 қараша. 7kun.kz – Ақтау қалалық сотымен алаяқтық және пара беруге итермелегені үшін азаматтар Кәрімов және Батырханов мемлекеттік қызметте қызмет атқаруға өмір бойына тыйым сала отырып, сәйкесінше 7 жыл 6 айға және 7 жылға бас бостандығынан айыруға сотталды. Бұл туралы Антикордың баспасөз қызметі хабарлады.
«Агенттік Төрағасының көмекшісі атын жамылған Кәрімов Ақтау қаласы әкімдігінің лауазымды тұлғаларынан коммерциялық объектілерді орналастыру үшін оның атына Каспий теңізінің жағалауындағы жер учаскесін ресімдеуді талап еткені үшін кінәлі деп танылды», – делінген хабарламада.
Бұдан басқа, 2020 жылғы ақпанда Кәрімов Батырхановпен алдын ала сөз байласу бойынша адамдар тобында әрекет етіп, өзін Білім және ғылым вице-министрі және Алматы қаласы әкімінің көмекшісі ретінде көрсете отырып, балабақша меңгерушісінен әкімшілік жауапкершілікке тартпағаны үшін 1 млн теңге талап еткен.
Үкім заңды күшіне енген жоқ.
Тэги:
Похожие материалы
На сколько будут увеличены пенсии и пособия в Казахстане в 2025 году
- 30 желтоқсан, 2024
Более 13 тыс. казахстанцам назначена специальная социальная выплата
- 26 желтоқсан, 2024
На сколько будут увеличены пенсии и пособия в Казахстане в 2025 году
- 30 желтоқсан, 2024