Қарағанды. 16 ақпан. 7kun.kz - Қарағанды облысы «Сарыарқа» арнайы экономикалық аймағында (АЭА) автокөлік қалдықтарын пайдаланатын зауыт салынады. Бұл туралы облыс әкімдігінің баспасөз қызметі хабарлады.
Олар орташа көлемдегі құбырлар шығаратын «Сталь Трейд» зауыты, құны 5,5 млрд теңгені құрайды. Ал екіншісі түсті металлдарды балқытумен және болат, алюминий өндіретін Recycling Company зауыты, құны 3,4 млрд теңге болады. Оған шикізат ретінде автокөліктерге қажетсіз болып қалған лом қалдықтары қолданылады. Компания зауыт құрылысын наурыз айында бастауды жоспарлап отыр.
«Жерді алысымен-ақ құрылысқа кірісіп кетеміз. Қазір бұл бағытта әкімшілікпен жұмыс істеп жатырмыз. Бір комиссия ғана қалды. Шамамен наурыз айына таман зауыт құрылысын бастаймыз»,-деп атап өтті "Recycling Company" бас директоры Александр Рябинин.
Өз кезегінде, «Сарыарқа» компаниясының басқарма төрағасы Шыңғыс Сыдықов қазіргі уақытта республиканың 16 облысы бойынша қолданыстан шығып қалған автокөлік құралдары жиналып жатқандығын айтты. Олар зауытқа брикеттелген күйде әкелінеді. Кәсіпорын 70 жұмыс орнын құрады.
«Бұл толығымен қазақстандық компания. Өндіріс орны АЭА мүшелігіне әлі кірген жоқ. Қазір келіссөздер жүргізіліп жатыр. Бұл жобаны 2017 жылдың соңына дейін жүзеге асыру жоспарланып отыр. Ал құбыр шығаратын зауытты павлодарлық кәсіпкерлер мен қытайлық серіктестер 2017 жылы іске қоспақшы»,-деді басқарма төрағасы.
Еске салсақ, Қазақстанда 2016 жылдың қараша айында ескі автокөліктерді қолданысқа енгізу туралы бағдарлама құрылып, 2017 жылдың қаңтар айында жүзеге асырыла бастады.
Похожие материалы
Олжас Бектенов провел заседание Совета директоров Kazakh Invest
- 11 желтоқсан, 2024