Қарағанды. 12 мамыр. 7kun.kz - Халыққа қызмет көрсету орталығының инспекторы қарағандылықтарға төмен бағада пәтер алуға көмектесетінін айтып, 8 миллион теңгені иеленіп кеткен. Бұл туралы inform.kz хабарлады.
Тұрғындар ХҚКО қызметкерінің жауапкершіліктен қашып, ақшаны иемденіп кету үшін қасақана уақытты созып жүргенін түсінген кезде, полицияға шағым түсіреді.
Құқық қорғау органдары оған алаяқтық жасады деген айып тақты.
«Сот Халыққа қызмет көрсету орталығының инспекторын алаяқтық жасағаны үшін айыпты деп таныды. ХҚКО қызметкері өзінің кінәсін жартылай мойындады, бірақ зардап шегушілерге келтірілген залалды өтеген жоқ», - деп хабарлады Қарағанды қаласы №2 Октябрь аудандық сотының баспасөз қызметі.
Сот ХҚКО қызметкеріне екі жыл бас бостандығынан айыру жазасын тағайындады. Сотталушының кәмелетке толмаған балалары қызметкер келіншектің күйеуінің қамқорлығына беріледі.
Похожие материалы
Новости
Экономика
Олжас Бектенов провел заседание Совета директоров Kazakh Invest
- 11 желтоқсан, 2024