Араб елдерінен Қазақстанға келетін шетелдік инвестициялар 51,1%-ға төмендеді
Алматы. 10 сәуір. 7kun.kz – Қазақстанның араб елдері үшін инвестициялық тартымдылығы әлсіреді. Ол жақтан келетін тікелей шетелдік инвестиция көлемі бір жыл ішінде 51% - ға төмендеп, 48,6 млн долларды құрады. Бұл туралы Finprom.kz хабарлады.
Тау-кен өндіру саласы отандық өнеркәсіптің негізгі саласы болып қалады, ол шетелдік инвесторларды әлі де қызықтырады.
2018 жылдың қыркүйек айының соңында Қазақстанның осы саладағы негізгі инвесторы Нидерланды болды. Нидерланды елімізге 54,6 млрд долларын инвестиция салды, бұл 2017 жылдың сәйкес кезеңінен 1,6% жоғары. Сондай-ақ, аталған елден келетін тікелей шетелдік инвестициялардың үлесі - 45,3%.
Екінші орында АҚШ, Қазақстанға 29,1 млрд доллар инвестиция тартты. Үшінші орын тау-кен саласына 13,4 млрд доллар инвестиция салған Францияға тиесілі.
Айта кетейік, Қазақстанның тау-кен саласының тартымдылығын Еуропа мен Америка мемлекеттері ғана емес, араб елдері де байқады. Катардың Qatar Mining мемлекеттік тау-кен өндіру компаниясы Қазақстанда алтын мен мыс өндіру бойынша инвестициялық жобаны жүзеге асыруды жоспарлап отыр. Салым көлемі 10 млн доллардан 50 млн долларға дейін құрауы мүмкін.
Похожие материалы
Олжас Бектенов провел заседание Совета директоров Kazakh Invest
- 11 желтоқсан, 2024