Алматы. 27 желтоқсан. 7kun.kz - 2016 жылғы қарашада халықтың қолма-қол АҚШ долларын нетто сатып алу көлемі (сатып алу минус сату) 397,7 млн. АҚШ долларын құрады. Бұл туралы бүгін ҚР Ұлттық банкінің хабарламасында айтылды.
Бұл көрсеткіш 2015 жылғы қарашадағы деңгейден 11%-ға жоғары. Алайда алдыңғы 5 жылдың тиісті айларының мәндерінен айтарлықтай төмен. 2010-2014 жылдардағы қарашада халық орташа шамамен алғанда 1,2 млрд. АҚШ долларын сатып алған еді.
2016 жылғы 11 айда халық 1,0 млрд АҚШ долларын сатып алған. Бұл 2015 жылғы қаңтар-қарашадағы көлемнен 6,8 есе төмен. Жалпы биылғы 11 айдағы долларды сатып алу көлемі 15 жылдағы ең төмен көрсеткіш болып табылады. Ал 2015 жылғы қаңтар-қарашамен салыстырғанда екі еседей төмендеуді көрсетті.
Похожие материалы
Финансы
Банки Казахстана в шаге от того, чтобы заработать больше, чем в 2024 году
- 19 желтоқсан, 2025
Финансы
Более 10 млрд тенге инвестировал Halyk Bank в новое здание офиса в Атырау
- 18 желтоқсан, 2025





