Арман Шаққалиев 1977 жылы туған Қарағанды облысында дүниеге келген. Л. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетін «Заңгер» мамандығы бойынша, Е. Бөкетов атындағы Қарағанды мемлекеттік университетін «Экономика» мамандығы бойынша, М. Дулатов атындағы Қостанай инженерлік-экономикалық университетін «Стандарттау, сертификаттау және метрология» мамандығы бойынша тәмамдаған. Халықаралық инженерлік академияның корреспондент мүшесі, ғалым инженер.
Еңбек жолын Ақмола облысы және Астана қаласы бойынша «Кәсіпорындарды қайта ұйымдастыру және тарату агенттігі» АҚ заң кеңесшісі қызметінен бастаған.
ҚР Мемлекеттік материалдық қорлар агенттігінің «Резерв» РМК бөлімінің басшысы, ҚР ҚМ Дәрменсіз борышкерлермен жұмыс жөніндегі комитет төрағасының орынбасары, ҚР Экономика және бюджеттік жоспарлау министрлігінің Мемлекеттік активтерді басқару саясаты департаментінің директоры қызметтерін атқарды.
Техникалық реттеу жүйесінде 2004 жылдан бастап «Қазақстандық метрология институты» РМК директоры болып жұмыс істеді.
2008 жылдың маусымынан 2016 жылдың сәуіріне дейін «Қазақстандық стандарттау және сертификаттау институты» республикалық мемлекеттік кәсіпорнының директоры қызметін атқарды.
2016 жылдың сәуір айында Еуразиялық экономикалық комиссияның Техникалық реттеу және аккредиттеу департаментінің директоры болып тағайындалды.
Тэги:
Похожие материалы
Олжас Бектенов провел заседание Совета директоров Kazakh Invest
- 11 желтоқсан, 2024