Редакция: +7 (777) 242 5522
Присоединяйтесь:

Армия спорт клубының ефрейторы Олимпиадалық жолдаманы жеңіп алды

Армия спорт клубының ефрейторы Олимпиадалық жолдаманы жеңіп алды
Манила қаласында (Филиппины) таэквондодан Азиялық лицензиялық турнир өтті. 80 келіден жоғары салмақта жартылай финалдық жекпе-жекте Армия орталық спорт клубының спортшысы, ҚР спорт шебері, ефрейтор Руслан Жапаров пәкістандық таэквондошы Аршад Атиефті жеңді. Шешуші кезеңде Жапаров Қытайдың спортшысынан жеңіліп, бәсекенің күміс жүлдегері атанды деп хабарлайды қорғаныс министрлігінің баспасөз қызметі. Лицензиялық турнирдің ережесі бойынша пәкістандық спортшыны жеңгенінің арқасында  ефрейтор Руслан Жапаров алдағы Рио-де-Жанейрода өтетін жазғы Олимпиадалық ойындарға жолдама алады. «Олимпиадаға қатысуға ұтып алынған жолдама – бұл спортшымыз бен бүкіл бапкерлер штабының қажырлы еңбегінің жемісі. 2015 жылдан бастап Руслан жолдаманы жеңіп алу үшін ұпай жинай отырып, әртүрлі халықаралық додаларға қатысты. Үйге оралысымен Жапаровты Алматы қаласындағы қалпына келтіру жиындары күтіп тұр. Одан кейін Корея мен Бразилиядағы жиындарда Олимпиадаға қызу дайындықты бастаймыз», - деп спортшымыздың бәсекеге қатысуы  мен Олимпиадалық ойындарға дайындалу бойынша әрі қарайғы жоспарлар туралы таэквондодан АОСК командасының аға бапкері, капитан Әнуар Үсенов айтып берді. Руслан Жапаров ҚР Қорғаныс министрлігі Армия орталық спорт клубының спортшылар қоржынына сегізінші Олимпиадалық жолдаманы еншілегенін естеріңізге сала кетейік.

Похожие материалы