Алматы. 25 шілде. 7kun.kz — Бүгінде ауруханада үш науқас бар. Дәрігерлер тек Нұр-Сұлтанда ем алып жатқан бір пациенттің жағдайына алаңдаушылық білдіріп отыр. Бұл туралы бүгін Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте Елжан Біртанов мәлімдеді.
«Ауруханаларда үш науқас бар. Біреуі - Шымкентте, біреуі - Алматыда, тағы бірі - Нұр-Сұлтанда. Олардың екеуінің өміріне қауіп төніп тұрған жоқ, олар жоспарлы ем алуда. Әрине, қалпына келтіру кезеңі ауыр жарақаттарға байланысты болады", – деді ол.
Оның айтуынша, "сегіз жасар баланың жағдайына қатысты қатты алаңдаушылық бар".
"Біз оған Нұр-Сұлтанға әкелген уақыттан бері бірнеше рет кеңес бердік, соның ішінде Ресейден мамандар да келді. Жетекші нейрохирургтарымыз қарап жатыр, өкінішке орай, оң нәтиже жоқ", – деп атап өтті Біртанов.
"Барлық күш-жігерімізді жұмсаймыз, мен күн сайын ол бала туралы ақпарат аламын. Дәрігерлер қолдан келгеннің бәрін жасайды, бірақ әзірге жағдай жақсарған жоқ, оның өміріне қауіп төніп тұр », - деп қорытындылады Денсаулық сақтау министрі.
Еске сала кетейік, Арыс қаласының әскери қоймасындағы жарылыс 24 маусым күні таңертең басталды. Сол күні Түркістан облысының әкімі Өмірзақ Шөкеев тұрғындарды көшіру туралы шешім қабылдады. ТЖ салдарынан үш адам қаза тапты. Медициналық көмекке 409 адам жүгінген. Оның ішінде 329 адам амбулаторлық емделуге жіберілді, 80 пациент ауруханаға жатқызылды, оның ішінде 13-і бала.
27 маусымнан бастап көшірілген қала тұрғындары өз үйлеріне оралды.
Тэги:
Похожие материалы
Олжас Бектенов провел заседание Совета директоров Kazakh Invest
- 11 желтоқсан, 2024