Алматы. 3 шілде. 7kun.kz — Арыс станциясы арқылы өтетін жолаушылар пойыздарының қозғалысы толығымен қалпына келтірілді. Бұл туралы "Жолаушылар тасымалы" АҚ баспасөз қызметі хабарлады.
Төтенше жағдай кезінде Арыс станциясы бойынша 2019 жылдың 24-27 маусымы аралығында Тараз, Шымкент және Түркістан қалаларынан пойыздармен және автобустармен 15 мыңнан астам жолаушы тасымалданды. Жол жүру барысында кідірісі бар пойыздарда келе жатқан жолаушылар үшін вокзалдарда жергілікті атқарушы органдармен бірлесіп тегін тамақтану және ауыз сумен қамтамасыз ету ұйымдастырылды.
Сондай-ақ, 2019 жылдың 24-28 маусымы аралығында жолаушыларға 50 млн теңге көлемінде ақша қайтарылды. Сонымен қатар, компания Арыстан Нұр-Сұлтан қаласына 200 баланы тасымалдауға көмек көрсетті.
Айта кетейік, Арыс станциясы бойынша жолаушыларды отырғызу және түсіру жұмыстары жаңартылып, билет кассаларының жұмысы қалпына келтірілді.
Похожие материалы
Олжас Бектенов провел заседание Совета директоров Kazakh Invest
- 11 желтоқсан, 2024