Нұр-Сұлтан. 16 мамыр. 7kun.kz – Бұрынғы Мәдениет министрі, қазіргі Ұлттық музей директоры Арыстанбек Мұхамедиұлы өзіне жала жабылып жатқанын, негізсіз тексерулерге тосқауыл болуын сұрап президентке үндеу жасады, деп хабарлайды 7kun.kz.
Бұған дейін Арыстанбек Мұхамедиұлы басқаратын Ұлттық музейге қатысты Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет өкілдері тексеру жүргізіп жатқаны айтылған. Артынша музей директоры өзінің Facebook парақшасына президент атына жазылған хат пен видеоүндеуді жариялады.
Онда Мұхамедиұлы өзінің қызмет жолы мен атқарған істері туралы тізіп, бірнеше жыл бұрын қоғамда шу болған «Феникс» фильміне қатысты сөз қозғайды. Бұрынғы министрдің айтуынша, түрлі тексерулер мен қаралау әрекеттерін «Феникс» фильмі бойынша істі болған Тұңғышбай Жаманқұлов пен Талғад Жаныбековтер ұйымдастырған.
«Продюссер Тұңғышбай Жаманқұлов айыбын бетіне басқаным үшін, мені ата жауындай көріп, күні бүгінге дейін жөн-жосықсыз арызданып келеді. Әрине, «қаһармандар» азуын көрсетуден қайтар емес. Кез-келген ілкімді сәтті пайдаланып, Өзіңіздің атыңызға, басқа да құрылымдарға еш негізі жоқ шатпақ шағымдарын шаршамай жазып келеді. Оның ту сыртында кезінде Дариға Назарбаеваның, Бағлан Майлыбаевтың, Ермек Аманшаевтың тұрғанын және де солардың айдағы екені де белгілі. Әлбетте, қисапсыз тексеру, тергеу амалдары да жүрді. Бірақ, менің ар-ұжданым таза! Жеке басымды қаралаған бірде-бір факт дәлелденбеді», дейді Арыстанбек Мұхамедиұлы.
Похожие материалы
Олжас Бектенов провел заседание Совета директоров Kazakh Invest
- 11 желтоқсан, 2024