Соңғы кезде интернет арқылы банк клиенттерінің жеке мәліметтерін ұрлауға бағытталған вирусты тарату оқиғалары жиілеп кетті. Жақында ҚР Қаржыгерлер қауымдастығы қостап, бірнеше банк бастап дабыл қаққан еді. Қаржы саласы өкілдерінің пікірінше қауіп әлі де сейілмеген.
Кеше Ұлттық банктің ресми сайтының көшірмесін жасап, БанкЦентрКредитке кибершабуыл жасалғаны белгілі болды. Банктердің қызметі интернетпен тығыз байланысты болған сайын қауіп те күшейе түседі. Мұндай кезде банк клиенті не істеу керек?
Келеңсіз оқиғалардың алдын-алу үшін келесі ақпараттық қауіпсіздік шараларын қолдану маңызды.
- Жеке компьютеріңізге антивирус орнату және уақытында жаңалау. Сондай-ақ операциялық жүйені де тұрақты түрде жаңалап отыру керек. Бұл вирустардың компьютерге орнығып алмауы үшін керек.
- Банктердің онлайн қызметін пайдалану үшін смартфон қолданыңыз. Windows орнатылған компьютерлерге қарағанда смартфондар үшін вирус аз жазылады. Сондай-ақ смартфондардың көпшіліг интернеттегі шаабуылдардан жақсы қорғалған.
- Банктердің сайтының мекен-жайына назар аударыңыз. Сайттың мекен-жайы былай болуы тиіс: https://site (site мысал, оның орнында банк сайтының домендік атауы тұрады) немесе https://www.site.kz. Қорғалмаған жалған сайтқа кіріп кетпегеніңізді тексеріңіз. Жалған сайттардың атында әріптер өзгертілген немесе артық белгі қосылған болуы мүмкін (мысалы: site.kz орнына sitо.kz), бірақ сайттың негізгі сайттан айырмашылығы болмауы мүмкін.
- Банктердің онлайн қызметін қолдану кезінде карта мәліметтерін енгізу қажет болса браузердегі мекен-жай қатарына назар аударыңыз. Құпия қаржы мәліметтері қорғалған қосылу арқылы берілуі тиіс. Бұл жағдайда мекен-жай сары түске өзгереді, құлып белгісі шығады, сайт аты https:// басталуы тиіс. Егер құлып белгісін бассаңыз браузер ол туралы ақпарат беруі тиіс.
- Банк жіберген SMS-хабарламаны мұқият оқыңыз. Әсіресе хабарландыруда сайтқа кіруге, төлем, аударым жасауға, интернеттегі сауда үшін лимит қою, оны мақұлдауға арналған SMS-код болса. Дәл сол кезде сайтта ешқандай операция жасап отырмасаңыз SMS-кодты сайтқа енгізбеңіз.
- SMS-код пен банктік картаңыздың төлем реквизиттерін ешкімге айтпаңыз. Тіпті банк менеджеріне де. Алаяқтар сізге банк қызметкері ретінде хабарласып, пин-кодыңызды немесе CVV2/CVC2 кодты сұрауы мүмкін. Банк соңғы 4 цифрды немесе картадағы барлық номерді сұрауы мүмкін, бірақ банктің және басқа кез-келген адамның CVV2/CVC2 код пен пин-кодты сұрауға құқығы жоқ. Реквизиттерді электрондық пошта арқылы жібермеңіз.
- Банк сайтын қолдану сәтінде Сізге қоңырау шалып, өзін банк қызметкері деп таныстырып, карта туралы мәліметті немесе SMS-кодты сайтқа енгізуді сұраса, сенбеңіз. Банк қызметкерлері клиент сайтты қолданып отырған сәтте карта мәліметін немесе жіберілген SMS-кодты енгізуді сұрап хабарласпайды.
- Егер сізге қандай да бір себеппен банк картасының суретін интернет (пощта, skype және т.б) арқылы жіберу керек болса мұндай фотосуреттерді іздеп, тануға арналған бағдарламалар барын біліңіз. Сіздің мәліметтеріңіз алаяқтардың қолына түсуі мүмкін.
- Егер картаңызды жоғалтсаңыз немесе біреу картаңыздағы мәліметтерді біліп қойды деп күдіктенсеңіз, картаңызды банктің Call-орталына хабарласып бұғаттаңыз.
Қаржыңыздан айырылып қалмаңыз. Сақ болыңыздар!