Нұр-Сұлтан. 13 қыркүйек. 7kun.kz – Астана атауын қайтару туралы Мәжіліс депутаттарының ұсынысы Мемлекет басшысының келісімімен Конституциялық заң жобасына енгізілді. Бұл туралы ҚР президентінің баспасөз хатшысы Руслан Желдібай Facebook желісіндегі парақшасында хабарлады.
«Депутаттардың бұл бастамасы туралы Президент хабардар. Халық қалаулылары, өз кезегінде тұрғындармен кездесулерде айтылған ұсыныстарға, сондай-ақ референдум кезінде азаматтардың көптеген өтініштеріне сүйенді. Мәжіліс депутаттарының ұсынысы Мемлекет басшысының келісімімен Конституциялық заң жобасына енгізілді», – деп жазды Мемлекет басшысының баспасөз хатшысы.
Оның айтуынша, президент Қазақстанның қазіргі мемлекеттілігін нығайтуда және елорданың іргесін қалауда Нұрсұлтан Назарбаевтың шешуші рөл атқарғаны тарихи факт деп санайды. Сондықтан Тұңғыш президент атындағы басқа нысандар өз атауларын сақтап қалуы тиіс.
Айта кетейік, 2 қыркүйекте Мәжілістегі «Жаңа Қазақстан» депутаттық тобының мүшелері елордаға Астана атауын қайтару туралы бастама көтерді.
Еске салайық, 2019 жылы 23 наурызда Астана атауы ресми түрде Нұр-Сұлтан деп өзгертілді.
Похожие материалы
Олжас Бектенов провел заседание Совета директоров Kazakh Invest
- 11 желтоқсан, 2024