Сұрақ: Астана банкінде ағымдағы шотта қаражатым қалған еді. Оны қайтарып ала-аламын ба? «Депозиттерге кепілдік беру қоры» 10 млн теңгеге дейінгі кепілдік аясында қайтарып бере ме әлде ол тек депозиттерге ғана қатысты ма?
Жауап: Ағымдағы шоттағы қаражатты ала-аласыз. Жеке тұлғалар және жеке кәсіпкерлер «Астана Банкі» АҚ депозиттерінде, ағымдағы және карталық шоттарда орналасқан ақша бойынша өтеуді алуға құқықтары бар. Айта кетейік, «Еуразиялық банк» АҚ «Астана Банкі» АҚ салымшыларына кепілді өтеуді төлеу бойынша банк-агенті ретінде таңдалды. 2019 жылдың 26-шы қаңтарынан бастап «Еуразиялық банк» АҚ кепілдік берілген өтемді төлеу мен өтініштерді қабылдауды бастайды. Ағымдағы шоттағы ақшаңызды алу үшін банк бөлімшелеріне барып өтініш бересіз. Заңға сәйкес «Еуразиялық банк» АҚ кепілдендірілген өтеуді алу құқығын растайтын қажетті құжаттарды ұсынған күннен бастап 5 жұмыс күні ішінде кепілдендірілген өтеуді төлейді. Бірақ банктің хабарлауынша өтем банкке жолыққан сәтте, сол күні төлеуге тырысады.
Похожие материалы
Олжас Бектенов провел заседание Совета директоров Kazakh Invest
- 11 желтоқсан, 2024