Редакция: +7 (777) 242 5522
Присоединяйтесь:

Астана ЭКСПО-2017 компаниясының аты өзгеруі мүмкін

Астана ЭКСПО-2017 компаниясының аты  өзгеруі мүмкін

Алматы. 18 қыркүйек. 7kun.kz – «Астана ЭКСПО-2017» ұлттық компаниясын «QazExpoCongress» ұлттық компаниясы» АҚ деп өзгерту туралы қаулы жобасын ҚР Сауда және интеграция министрлігі ұсынды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

«Мемлекеттік мүлік туралы» 2011 жылғы 1 наурыздағы Қазақстан Республикасы Заңының 11-бабының 4) тармақшасына сәйкес, Қазақстан Республикасының Үкіметі: «Астана ЭКСПО-2017» Ұлттық компаниясы» акционерлік қоғамы «QazExpoCongress» ұлттық компаниясы» акционерлік қоғамы болып өзгертілсін; «QazExpoCongress» ұлттық компаниясының 100% мөлшеріндегі мемлекеттік акциялар пакетін иелену және пайдалану құқығы Қазақстан Республикасының Сауда және интеграция министрлігіне берілсін», - делінген құжатта.

Қаулыда Қазақстан Республикасының Сауда және интеграция министрі Бақыт Сұлтановты «QazExpoCongress ұлттық компаниясының» директорлар кеңесіне сайлаудың жоспарланған тәртібі туралы айтылған.

Похожие материалы