Көлік және автомобиль жолдары басқарма басшысының орынбасары Әбдіхамит Тамабаев Астана әкімдігіндегі баспасөз конференциясында кептелістерді азайтау мәселесі бойынша қоғамдық көліктерге арналған жолақ жасауға қатысты жұмыстардың жүргізіліп жатқанын айтты.
Астана LRT компаниясының көлік жөніндегі директоры Рустам Халиев сынама жобаның 2015 жылдың тамыз айында жүзеге асырылатынын қосып айтты. "Көлік жоспарлауы, сараптамасы жүргізілді. Осылайша, сынама жоба жасалып жатыр, сол арқылы бізде екі орын бар: Тілендиев-Бөгенбай даңғылы, Момышұлы даңғылы. Бірінші учаскенің ұзындығы - 6, 32 шақырым; екіншісі шамамен 4 шақырым. Тек қоғамдық көлік қозғалысына рұқсат берілетін жолақ белгіленді. 2015 жылдың тамыз айында енгізіледі", - деді Р.Халилев. Оның айтуынша, бұл жолақтарда жеке авткөліктерге жүруге тыйым салынады. Еске сала кетейік, Алматы қаласында Абай көшесінің бойымен (Момышұлы көшесінен Достық даңғылына дейін) автобустар арнайы жолақпен жүреді. 15 маусымнан бастап арнайы жолақпен жүрген жүргізушілерге айыппұл салу турал шешім қабылданды.Похожие материалы
Новости
Экономика
Олжас Бектенов провел заседание Совета директоров Kazakh Invest
- 11 желтоқсан, 2024