Редакция: +7 (777) 242 5522
Присоединяйтесь:

Астанада электр энергиясының тарифі төмендетілді

Астанада электр энергиясының тарифі төмендетілді

Астана. 29 қараша. 7 kun.kz - Астанада 1 желтоқсаннан бастап заңды тұлғалар үшін электр энергиясына тарифтер өзгереді, деп хабарлайды қала әкімдігінің баспасөз қызметі.

Тәулік мезгілдері бойынша үш мөлшерлемелі есепке алу жүйесі кезінде тарифтер азаяды. Заңды тұлғалар үшін электр энергиясын тарату қызметінің құнын өзгерту ҚР Президентінің шағын және орта бизнеске қолдау көрсету бойынша алға қойған міндеттері, сондай-ақ өндірістік шығындарды азайтуға жәрдемдесу аясында жүзеге асырылады. «Астана энергия жеткізу компаниясы» ЖШС қоғамдықтастықтар мен жеке тұлғалардан бөлек, заңды тұлғалар үшін электр энергиясына тарифті төмендетеді. Сөйтіп, 2015 жылғы 1 желтоқсаннан бастап электр энергиясын босату бағасы заңды тұлғалар үшін ҚҚС есептемегенде 13,69 теңгені құрайды. Күндіз (7:00-ден 19:00-ге дейін) тариф - 13,69 теңге, кешке (19:00-ден 23:00-ге дейін) тариф - 27,39 теңге болады. Түнгі (23:00 -ден 07:00-ге дейін) тариф - 6,01 теңгені құрайды. Фото: gazeta.zn.ua

Похожие материалы