Редакция: +7 (777) 242 5522
Присоединяйтесь:

Астанада "Лазурный квартал" тұрғын үй кешені өртенді

Астанада "Лазурный квартал" тұрғын үй кешені өртенді

Астана. 2 мамыр. 7kun.kz - Бүгін Астананың сол жағалауда орналасқан "Лазурный квартал" тұрғын үй кешенінен өрт шықты. Бұл туралы sputniknews.kz хабарлады.

Куәгерлер үйден шығып жатқан қою түтінді суретке түсіріп әлеуметтік желіге жариялаған.

[caption id="attachment_68647" align="alignnone" width="1280"] Фото: informburo.kz[/caption]

Елорданың төтенше жағдайлар жөніндегі департаментінің баспасөз қызметі нің хабарлауынша, Сарайшық, 5Г көшесінде орналасқан үйдің балконы жанып жатқаны 13.17-де белгілі болған. Өрт сөндірушілер төрт минутта оқиға орнына жеткен. Олар 1-2 қабат аралығында орналасқан ауданы 40 шаршы метр жылытқыштың өртенгенін анықтады.

Өрт 13.41-де сөндірілді. Өртті сөндіруге 24 адам мен 5 көлік жұмылдырылды.

Похожие материалы