Астанада мамандандырылған ХҚКО басшысы мен төрт полицей ұсталды – Антикор
Астана. 9 желтоқсан. 7kun.kz – Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет Астана қаласының прокуратурасымен бірлесіп, «Азаматтарға арналған үкімет» КЕАҚ қызметкерлері мен азаматтық тұлғалардан тұратын ұйымдасқан қылмыстық топтың жолын кесті. Бұл туралы Антикордың баспасөз қызметі хабарлады.
Олар заңнамада көзделген алымдар мен төлемдерді төлемей, шетелден әкелінген автокөліктерді заңсыз тіркеумен айналысқан, деп атап өтті Антикорда.
«Қылмыстық топ биыл қаңтар айынан бастап азаматтарды шетелдік автокөліктерді есепке қоюдың заңдылығына қатысты алдау арқылы өз қызметтерін ұсына отырып, олардың ақшасын ұрлап, 486 көлікті заңсыз тіркегені анықталды. Әрбір автокөлік үшін заңсыз қызметтің құны 400 мың теңгеден 1,6 млн теңгеге дейін болған», – делінген хабарламада.
Қажетті ақшаны алғаннан кейін күдіктілер көліктерді сатып алу-сату мәмілелерінің жазбаша формасын, мемлекеттік нөмірлер мен көлікті тіркеу туралы куәліктерді дайындағаны үшін мемлекеттік баж төленгені туралы түбіртектерді қолдан жасаған.
Сондай-ақ ішкі істер органдарының мемлекеттік автоинспекторлары «Web-модуль» сервистік орталығы" ақпарат жүйесінде бұрын кәдеге жаратылған автокөліктер туралы мәліметтерді қасақана заңсыз жойып, орнына жаңадан әкелінген автомобильдердің мәліметтерін енгізіп отырған.
Соттың санкциясымен төрт полицей қамауға алынды.
Күдіктілер мемлекеттік баждар мен төлемдерді төлеуге арналған ақшаны ұрлап, өз қажетіне жұмсаған.
«Аталған адамдардың қылмыстық әрекетінен азаматтар мен мемлекетке төленбеген мемлекеттік баждар мен алымдар түрінде 1 млрд теңге залал келтірілді», – деп хабарлады Антикор.
Бүгінгі күні іс бойынша қылмыстық топтың тағы 4 белсенді қатысушысы, оның ішінде Астана қаласы бойынша №2 мамандандырылған халыққа қызмет көрсету орталығының басшысы ұсталды.
Тергеу жалғасуда.
Тэги:
Похожие материалы
Олжас Бектенов провел заседание Совета директоров Kazakh Invest
- 11 желтоқсан, 2024