Экономика
Астанада Қорғаныс министрлігі аумағында дрон ұшырған Ресей азаматтары ұсталды
Астана. 9 қазан. 7kun.kz – «Есіл» аудандық полиция басқармасына Қорғаныс министрлігі аумағында дрон ұшырған 2 ресейлік жеткізілді, деп хабарлайды 7kun.kz.
«21 және 28 жастағы жас жігіттер Жағалау және Қорғаныс министрлігі аумағында әуеге дрон ұшырған. Бұл деректер әртүрлі уақытта болған. Олардың квадрокоптерді ұшыруға рұқсат беретін құжаттары болмағаны анықталды», – делінген Polisia.kz хабарламасында.
Құқық бұзушылар ақпаратты тіркеу кітабына тіркелді. Қазіргі уақытта материал заңды шешім қабылдау үшін Азаматтық авиация комитетіне жолданды. Жас жігіттерге түсіндіру әңгімесі жүргізілді
Астана полиция департаменті ел бойынша әуе кеңістігін пайдалану тәртібін бұзғаны үшін азаматтардың жауапкершілікке тартылатынын ескертеді.
Похожие материалы
Финансы
Банки Казахстана в шаге от того, чтобы заработать больше, чем в 2024 году
- 19 желтоқсан, 2025
Финансы
Более 10 млрд тенге инвестировал Halyk Bank в новое здание офиса в Атырау
- 18 желтоқсан, 2025





