Редакция: +7 (777) 242 5522
Присоединяйтесь:

Астанада тамыз айында 476 жаңа компания ісін бастаған

Астанада тамыз айында 476 жаңа компания ісін бастаған

2015 жылдың тамыз айында Астана қаласында 476 кәсіпорын мен мекемелер тіркеліп, 159 кәсіпорын жабылған. Қайта тіркелген субъектілердің басым бөлігі "Алматы" (52,3%) және "Сарықарқа" (30,9%) аудандарында орналасқан. Бұл жөнінде қалалық статистика департаментінде хабарлайды.

Жауапкершілігі шектеулі серіктестік (ЖШС) ретінде тіркелген жаңа заңды тұлғалардың саны - 448. Сонымен бірге, тіркелген кәсіпорындар мен мекемелердің ішінде 11 - қоғамдық бірлестіктер мен қорлар, 8 - тұрғын-үй құрылыс кооперативтері, 4 - заңды тұлғалар бірлестіктері, 2 - жеке мекемелер, 1 - мемлекеттік мекеме, 1 - пәтер иелерінің кооперативі және 1 - жеке қор. Жойылған 144 кәсіпорынның 4 - қоғамдық бірлестіктер мен қорлар, 3 - акционерлік қоғамдар, 2 - мемлекеттік мекемелер, 2 - пәтер иелерінің кооперативтері, 2 - заңды тұлғалар бірлестіктері, 1 - өндірістік кооператив, 1 - тұтынушы кооперативі бар.
Ағымдағы жылдың тамызында тіркелген заңды тұлғалар жетекшілерінің ішінде ер адамдар саны - 302, әйел адамдар - 174. Ал, жабылған кәсіпорындардың басшылығында 125 ер адам, 34 әйел адам болған.

Похожие материалы