Қатерлі ісіктің түрлі деңгейлеріне арналған дәрі өндіретін америкалық Pharmacyclics Inc. фармкомпаниясын емдік препараттар нарығындағы ірі компаниялардың бірі сатып алуы мүмкін деп хабарлайды Financial Times дереккөзіне сілтеме жасап.
Компанияны сатып алуға үміткерлердің қатарында америкалық Johnson & Johnson Inc. және швейцариялық Novartis AG. бар. Дереккөздің мәліметінше, келісім-шарт құны 19 млрд долларды құрауы мүмкін.
Жергілікті басылымдардың жазуынша, J&J пен Pharmacyclics бірігіп қанның қатерлі ісігінің алдын-алатын препараттар дайындап жатыр.
Жалпы Pharmacyclics-тың капиталы 14,3 млрд долларды құрайды. Bloomberg сатылым туралы хабарлағаннан кейін акциялар құны 18%-ға өсті.





