Атырау облысында Оңтүстік -Африкалық Республикамен біріге отырып, аймаққа тікелей жеміс-жидек жеткізетін ортақ кәсіпорын ашу мәселесін талқыланып жатыр.
"Атырау облысы әкімінің бірінші орынбасары Ғұмар Дүйсембаев және ОАР-ның Қазақстандағы елшісі Ренске Фос екіжақты экономикалық қарым-қатынас мәселесін талқылады. Жекелей алғанда, ОАР-дан Қазақстанға тікелей жеміс-жидек әкелетін ортақ кәсіпорын құру жайы айтылды", - деп хабарлайды Атырау облысы әкімдігінің баспасөз-қызметі.
Статистикалық мәліметтер бойынша, 2014 жылғы Атырау облысының ОАР-мен сыртқы тауар айналымы 1,3 млн долларды құраған, бірақ 2013 жылға қарағанда 37,8 пайызға төмендеді.
"Облыс әкімдігі ОАР-дағы әріптестерін белсенді түрде серіктес болуға шақырды. Мұнай-газ құбырлары мен қара металлдан жасалған өнімдердің экспортына басымдық беріліп отыр. Импорттың көп бөлігі құрылыс материалдары мен жеміс-жидектің үлесінде ", - деп атап өтті әкімдікте.
Похожие материалы
На сколько будут увеличены пенсии и пособия в Казахстане в 2025 году
- 30 желтоқсан, 2024
Более 13 тыс. казахстанцам назначена специальная социальная выплата
- 26 желтоқсан, 2024
На сколько будут увеличены пенсии и пособия в Казахстане в 2025 году
- 30 желтоқсан, 2024