Редакция: +7 (777) 242 5522
Присоединяйтесь:

Ауғанстан президенті қазақстандық бизнесмендерді ауған нарығында белсенді болуға шақырды

Ауғанстан президенті қазақстандық бизнесмендерді ауған нарығында белсенді болуға шақырды
Алматы. 2 мамыр. 7kun.kz - 30 сәуірде Қазақстан Республикасының Елшісі Әлімхан Есенгелдиев Ауғанстан Ислам Республикасының Президенті Мохаммад Ашраф Ғаниге сенім грамоталарын табыстап, қазақстандық бизнесмендерді ел нарығында белсенді болуға шақырды деп хабарлайды Сыртқы істе министрлігінің баспасөз қызметі.  Ауғанстан Президенті екі ел арасындағы сауда-экономикалық ынтымақтастықты тереңдетудің қажеттігін басып айтты. Қазақстандық іскерлерді ауған нарығында, атап айтқанда бидай жеткізу, Ауғанстан аумағында қазақстандық компаниялардың диірмен салуы, тау-кен өнеркәсібінің объектілері, электроэнергия салаларында, теміржол жобаларында жұмыстарын белсендетуге шақырды. Өз кезегінде, ауғандық тарап қазақстандық нарыққа жеміс-жидек пен жаңғақтардың түр-түрлерін жеткізудің көлемін ұлғайтуға әзір. Есенгелдиев Ауғанстан президентіне көрсетілген қонақжайлық үшін алғысын білдіріп, Қазақстан президентінің Ауғанстанға, оның ішінде ҚР-дың БҰҰ Қауіпсіздк Кеңесіндегі тұрақты емес мүшелігі шеңберіндегі бөліп отырған ерекше маңыздылығын атап айтты. Мемлекеттер арасындағы екіжақты қатынастарды одан әрі кеңейтуге барын салатындағына дайындығын жеткізіп, сондай-ақ елді қысқа мерзімде қалпына келтіру ісінде Астананың Қабылды толықтай қолдайтындығы бойынша ұстанымы туралы мәлімдеді.

Похожие материалы