Экономика
IT, Технология
Audi көліктері үшін жаңа отын түрін ойлап шығарды
Audi-дың өңдеу орталығы мұнай қолдануынсыз бензинді октанды 100 санмен синтездеді. Бұл туралы Rbk-ге сілтеме жасап LS хабарлайды.
Алынған өнім мұнайөңдеу зауыттарында алынған стандартты отыннан сипаттамасы жағынан артықшылықтары бар. E-benzin қозғалтқыштың жұмыс істеу қабілеттілігін артып, ішкі тұтандыру қозғалтқыштарын пайдалану үшін қажет.
Audi-дың синтетикалық отыны күкірт пен бензолдың қосындысынсыз таза изооктанды білдіреді. E-benzin-ді өндірудің бірінші кезеңде Audi компаниясының әріптесі Global Bioenergies SA өсімдік шикізатынан изобитулен газын шығарады. Кейінірек газ сұйықтыққа айналады. Global Bioenergies сынақтарын e-benzin-де жұмыс істейтін қозғальқыштардан бастады.
Audi осыған дейін де отынның жаңа түрлерімен сынақтар жүргізген. Мысалы, A3 Sportback g-tron синтезделген метанда жұмыс істейді. Е-gas деп аталатын отын немістік Вертле зауытынан өндіріліп шығарылады. Жанармайды шығару кезінде элетролиз қолданылады, ал оған қажетті электроэнергия күн батареяларынан алынады.
Компанияның тағы бір жобасы - e-diesel отыны. Ол арнаы цианобактериялардың көмегі арқылы алынып, күн сәулесінің ықпалы арқылы этанол немесе дизельды отын өндіреді.