Алматы. 3 қазан. 7kun.kz — Ауыл шаруашылығын инвестициялық қолдау жылдан жылға өсіп келеді. 2019 жылғы қаңтар-тамызда негізгі капиталға салынған инвестициялар 263,7 млрд теңгені құрады, бұл 2018 жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 50,1%-ға көп, деп хабарлады FinProm.
Өңірлік бөліністе ауыл шаруашылығына инвестициялардың ең үлкен көлемі Солтүстік Қазақстан облысында - 62,6 млрд теңге (+38,4%), Ақмола облысында — 35 млрд теңге (+77%), Қостанай облысында — 32,7 млрд теңге (+33,6%) болды. Бұл аймақтарға салаға салынған барлық инвестициялардың 49,4%-ы (130,2 млрд теңге) тиесілі.
Сонымен қатар Атырау облысында инвестиция көлемінің айтарлықтай азаюы тіркелген - жылына минус 65,4%.
Бірақ инвестиция өсіміне қарамастан, 2019 жылдың бірінші жартыжылдығының қорытындысы бойынша ЖІӨ құрылымында ауыл шаруашылығы 2,4%-ды құрады. Ал 2018 жылы саланың үлесі 4,4% болған. Бұл ретте үшінші жыл қатарынан ауыл шаруашылығы саласының үлес салмағы төмендеген — 2015 жылы - 4,7%.
Похожие материалы
Олжас Бектенов провел заседание Совета директоров Kazakh Invest
- 11 желтоқсан, 2024