Редакция: +7 (777) 242 5522
Присоединяйтесь:

Автоматтандырылған болашақтағы жұмыс істеу

Автоматтандырылған болашақтағы жұмыс істеу
Жаңа инновациялар барған сайын физикалық, сандық, және биологиялық орталар арасындағы шектерді шайып, талқандаушы технологиялар енді біздің болашағымыздың қандай болатынын шешіп жатқандай. Роботтар біздің операциялық залдарымыз және фаст-фуд мейрамханаларында қазірдің өзінде бар; біз қазір 3D кескіндерді пайдаланып және бағаналық жасушаларды шығара отырып, науқастың өз жасушаларынан адам сүйектерін өсіре аламыз; 3D басып шығару шикізатты пайдаланып, оны содан да кейін қайта пайдалануға болатындай шеңберлі экономиканы құрды.

Бұл технологиялық инновациялардың цунами біздің өмір сүріп, жұмыс істеуіміз және қоғамдардың жұмыс істеу жолын терең өзгертуді жалғастырады. Енді қазір Төртінші индустриялық революция деп аталатын кезеңде технологиялар, оның ішінде робототехника, нанотехнология, виртуалды шындық, 3D басып шығару, заттар интернеті, жасанды интеллект, және озық биология бәрі жуықтасады. Бұл технологиялар дамып және олардың қолданысы кеңейген сайын, олар барлық пәндер, өнеркәсіп және экономикалар бойынша, және жеке тұлғалар, компаниялар, сондай-ақ қоғамның осындай тауарлар мен қызметтерді шығару, тарату, тұтыну, жарату жолдарына да түбегейлі, әсерлі өзгерісерді әкеледі.

Бұл оқиғалар адамдардың технологиялар басқарған әлемде рөлі қандай деген уайымшыл сұрақтардың тууына түрткі болды. А 2013 жылғы Оксфорд университетінің зерттеуі бойынша Америка Құрама Штаттарындағы барлық жұмыс орындарын жартысы алдағы екі онжылдықта автоматтандыру салдарынан жоғалуы мүмкін. Екінші жағынан, қатарында Бостон университетінің Джеймс Бесен бар экономистер автоматтандыру жиі жаңа жұмыс орындарын құрумен бірге жүреді деп есептейді. Сонымен, бұл не болмақ -жаңа жұмыс орындары бола ма немесе жаппай құрылымдық жұмыссыздық бола ма?

Осы сәтте, біз төртінші индустриялық революция жұмыспен қамтуға қатерлі әсер ететінін білеміз, бірақ әлі ешкім өзгерістің ауқамын болжай алмайды. Сондықтан, біз жаман жаңалықтарты қабылдамастан бұрын тарихқа көз жүгіртуіміз керек, онда технологиялық өзгерістер, жұмысқа тұру мүмкіндігі емес, жұмыстың сипатына жиі әсер ететінін көре аламыз.

Бірінші индустриялық революция британдық өндірісті халық үйлерінің ішінен зауыттарға қарай көшірді, және иерархиялық ұйымның бастамасын салды. Англияда он тоғызыншы ғасырдың басындағы әйгілі Лудит тәртіпсіздіктері көрсеткендей бұл өзгеріс жиі зорлық-зомбылықпен қатар жүрді. Жұмыс табу үшін адамдар ауылдық мекендерден өнеркәсіптік орталықтарға қоныс аударуға мәжбүр болды, және бірінші еңбек қозғалыстары осы кезеңде пайда болды.

Екінші индустриялық революция электрлендіру, ірі өндіріс, жаңа көлік және байланыс желілерін алып келді, және инженерлік, банк ісі, мұғалімдік сияқты жаңа мамандықтарды құрды. Бұл кезде қоғамда орта тап пайда болды және олар жаңа әлеуметтік саясат пен үкімет рөлін арттыруды талап ете бастады.

Үшінші индустриялық революция кезінде, өндірістің режимдері одан әрі электроника, ақпараттық және коммуникациялық технологиялары бойынша автоматтандырылды, көптеген адамдардың жұмыс орындары өндіруден қызмет көрсету саласына көшті. 1970 жылдары банкоматтар келгенде, ол бастапқыда бөлшек сауда банкіндегі жұмысшылар үшін апат болады деп болжанған болатын. Бірақ уақыт өте шығындар төмендеп, банк филиалдарының саны іс жүзінде өсті. Жұмыстың сипаты өзгерді: ол транзакциялық сипаттан клиенттерге қызмет көрсетуге көбірек бағытталды.

Әрбір алдыңғы индустриялық революциямен бірге түбегейлі өзгерістер ерген, және төртіншісі де осындай болады. Бірақ біз тарихтың сабақтарын есте ұстап қалсақ, біз өзгерістерді басқара аламыз. Біріншіден, біз пайда болатын немесе жоғалатын нақты жұмыс орындары туралы емес, дағдыларға назар аударуымыз керек. Біз керекті кәсіби дағдылар жиынтығын анықтап алсақ, технология тудыратын жаңа мүмкіндіктердің барлығын пайдалануға еңбек ресурстарын оқытып, даярлай аламыз. Кадр бөлімдері, білім беру мекемелері, және үкіметтер осы өзгерістердің басында болулары керек.

Екіншіден, өткен тәжірибе бірнеше рет көрсеткендей, жағдайы нашар таптар қорғалуы тиіс; технология орындарын басатын осал қызметкерлердің бейімделуі үшін уақыт пен қаражат болуы тиіс. Біз 2016 жылы көргеніміздей, мүмкіндіктер мен нәтижелердің ауқамды теңсіздіктерінің адамдардың болашағымыз жоқ деп сенуіне әкелетін алыс-жетіп салдары болуы мүмкін.

Сонымен қатар, Төртінші индустриялық революция экономикалық өсуге айналып және барлығы үшін пайдалы болуын қамтамасыз ету үшін, біз жаңа нормативтік экожүйелерді құру үшін бірлесіп жұмыс істеуіміз керек. Үкіметтердің рөлі өте маңызды болады, бірақ бизнес және азаматтық қоғам көшбасшылары жаңа технологиялар мен өндірістер үшін тиісті регламенттер мен стандарттарды анықтау үшін үкіметпен бірлесіп жұмыс жасауы қажет болады.

Мен, әрине, бұл оңай іс болады деп ойламаймын. Технология емес, саясат өзгеріс қарқынын анықтайтын болады, және қажетті реформаларды жүзеге асыру, әсіресе, демократиялық елдерде, қиын және баяу жұмыс болмақ. Ол болашаққа бағытталған саясат пен епті нормативтік базаны және ең алдымен, ұйымдық және ұлттық шеңбер ішінде тиімді серіктестіктерді талап етеді.

Есте ұстарлық жақсы үлгісі ретінде Данияның «флексикьюрити» жүйесін қарастыруға болады, онда икемді еңбек нарығы барлық азаматтар үшін оқыту және қайта оқыту қызметтері кіретін күшті әлеуметтік қорғау жүйесімен жұптастырылған.

Технология тез алға басуы мүмкін, бірақ ол уақыттың жоғалуына апармайды. Шын мәнінде, революциялық кезең және алдағы өзгерістер «үлкен жарылыс» ретінде болмай, керісінше, көптеген онжылдықтар бойы өтеді. Жеке тұлғалар, компаниялар, және қоғамдардың бейімделуі үшін уақыт бар; бірақ кейінге қалдыруға уақыт жоқ. Барлық адамдар үшін жарқын болашақты жасау қазірден басталуы тиіс.

Автор туралы: Йохан Аурик А.Т. Kearney-де ғаламдық басқарушы серіктес және директорлар кеңесінің төрағасы болып қызмет атқарады.

 

Похожие материалы